1 сабақтың тақырыбы: Компьютерлердің программалық жабдықтамасы

 

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың қауіпсіздік ережесімен таныстыру

                                      2. Оқушылардың ой - өрісін дамыту

                                      3. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын

                                          арттыру

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабақтың дайындығғын тексеру,   назарын сабаққа аудары

Үй тапсырмасын тексеру:

Үй тапсырмасынан сұрақтар қою арқылы қорытамын.

1. Техника қауіпсіздік ережесін сұрау.

2. Көзге жаттығу ережелерін сұрау.

 

Жаңа сабақ

      Компьютерге арналған программалардың жиынтығы программалық жабдықтаманы құрады. Қызмет ету қасиеттері бойынша программалық жабдықтаманың келесі түрлерін ажыратады.:

·        Жүйелік

·        Қолданбалық

Жүйелік жабдықтама деп өзіне:

·        Операциялық жүйелер

·        Желілік программалық жабдықтама

·        Сервистік программаларды

·        Программаларды жасау құралдарын (трансляторлар, байланыс редакторлары, жөндеуіштер және басқалары) қосатын программалық жабдықтама түсініледі.

Операциялық жүйелердің негізгі қызметі (ОЖ)

·        Физикалық

·        Логикалық

·        Есептеуш жүйелердің процестері ресурстарын басқару болып табылады.

      Физикалық ресурстарға: процессор, манитор, магниттік және оптикалық дискілер жатады.

      Логикалық ресурстарға: программаларды, файлдарды, оқиғаларды және т.б. жатқызуға болады.

Желілік программалық жабдықтамаға:

·        Желілік ОЖ

·        Желілік емес ОЖ-лерде  бар кейбір желілік программаларды жатқызады

      Қолданбалы деп белгілі бір қызметтер саласының белгілі бір мақсаттық мәселелерін  шешуге  арналған программалық жабдықтама аталады. Көбінесе мұндай программаларды қосымшалар деп атайды.

      Утилиттер пайдаланушыларға компьютермен оның жабдықтамасына қызмет көрсету құралдарын ұсынады.

Олар келесі әрекеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

·        Магниттік дискілерге қызмет көрсету

·        Файлдар мен каталогтарға қызмет көрсету

·        Компьютер ресурстары жайлы ақпарат ұсыну

·        Ақпаратты шифрлеу

·        Компьютерлік вирустардан қорғау

·        Файлдарды архивтеу және басқалары

      Типтік қолданбалы программалық жабдықтамаға  келесі программаларды жатқызады:

·        Мәтіндік процессорларды

·        Кестелік процессорларды

·        Безендіру және іс қағаз графика жүйелері (графикалық процессорлар)

·        Деректер базасын басқару жүйелері

·        Сараптау жүйелері

·        Математикалық есептеулер, эксперименттік деректерді молельдеу және талдау программалары жатады.

 

Сабақты бекіту:  1.  Қандай программалар типтік қолданбалы программалық

                                     жабдықтамаға жатады  ?

                           2.  Утилиттер қандай операцияларға арналғын?

                           3. Жүйелік программалық жабдықтамаға не жатады?

 

Үй тапсырмасы: Операциялық жүйе